Әйел!
Әйел! – қай тілде де әдемі,
әйел деген сөздің өзі – сүйікті ән.
Құмарлық пен махаббаттың әлемі
жаралған ба ақ тамақ пен иықтан!
Қаймақ-ерін сәл ашылса күлгелі,
күлмес бұрын көңіліңе келеді үн.
Сонда оның жеңіл алған бір демі
сатып алар жүз ақынның өлеңін!

1965