Ес, ес балам, қайығыңды есе біл, –
Жерің алыс, желің қарсы, толқын сұр.
Қайық – қыңыр,
есе білсең – есегің,
ес, ес балам, қайығынды есе біл.
Ықтай көрме – сол тілек,
Тағы ойлама өз күшіңді олқы деп.
Балам менің құдіретін көрсетсін,–
Соқ-соқ дауыл, толқы дария, толқы көк.
Тағдыр деген бүйіріне өш қайықтың,
Соғар жерін білер болар жел-дағы.
Саған артқан үмітке атаң байып тұр,
Өзге дүние қонбай жатыр қолға әлі.
Қайықшыға мін тағушы көп болар,
Мінің болса, өзің түзе жоқта олар.
Қош, қош балам, қалам енді мен алыс,
Сенің үшін – мен бір қара нүктемін.
Бір-ақ бағыт ұстау керек – тек желге,
Сәл бұрылсаң – біткенің.
Қарсы жүрсең – қайсарлыққа үйренер
Қамсыз ойың, қасиетті маңдайың.
Өлгеніңше өзіңді-өзің сүйреп өл,
ал, әйтпесе мен ақылшы болмаймын!

1965