«Құдай» оны адам етіп жаратты,
Адам болып жүруді ол да жөн көрді.
Ауыз берді сімірсін деп арақты,
Рюмкасын ұстасын деп қол берді.
 

Ішіп алып әлдекімге тістенсе,
Тіс те берді керек болады ғой деп.
Бас та берді – ауырсын деп ішкен соң,
Аяқ берді – анда-мұнда жүрер деп.
Бірақ «құдай» білмепті ғой, ақымақ,
Бұл «пәндесі» ішетінін жатып-ап.

1965