Дала төсін еске алу да – сүйеніш қой, медет қой,
Ана төсін аңсау үшін – құмды еске алу керек қой.
Достарыңа өкпелесең жоқ деме сен жебеушім –
топырағың туралы ойлап, өзіңді-өзің демеп қой.
Саф-құмдардың сұлулығын көрмеген көз – саңлау ғой,
ақ шыңдарды көргені оның көрген емес– алдау ғой.
Жұпар иісін жаның емес – денең сезу керек қой,
Сезбесе оны терің сенің – тері емес, жай кенеп қой.
Туған жердің топырағын сезе алмаса табаның
саған біткен аяқ емес – ат қазық қой, терек қой.
«Өз жерімді сүйем» деген бос сөз болып шығады,
Жатпаса оның өн бойыңда қасіреті мен шуағы...

1965