...Жағып тұр бұталар қып-қызыл шырағын,
Жымыңдап ағады бір ағын –
Көрсем де көп қызыл алманы
алмадым – шыдадым.
Өзімді жеңдім мен – алмауға келгенде,
Бірақ бұл жеңісім – баянды болмады.
Қып-қызыл бір сәуле күн бата бергенде,
Боп-бозғылт ернімде құтырып ойнады.
Бір жанға болып па аз айып –
Бұтақтан үзілді бір алма.
Осындай сәттерде ғажайып,
Бақыт боп сезілер кінәң да...
Көңілім тек күн шыға айықты –
Бір ана таяғын тасқа ұрды;
Бір жігіт алмасыз қалыпты,
Бір қыздың көзінде жас тұрды...

1965