Мінезім жеңілдеу ғой кейде менің.
Күлгенім, күрсінгенім, сөйлегенім –
Бәрі де көрінген-ді саған жұмбақ,
Екеуміз таныс болған сонау жылда-ақ.

Ұқсаңшы, серік ең ғой бала күннен,
Білсеңші әзіл кімнен, жала кімнен,
Бала боп іренжітсем сені кейде,
Үлкен боп жұбатып та аламын мен.

Дейсің сен: «құлқың құрсын бала сын-ды»,
Деймін мен: «қалай табам жарасуды?»
Әйтеуір әйел болып жоқ демейсің,
Сүйесің, үйткені сен өкпелейсің.

Кеш, сәулем, балалыққа мәңгі ұқсадым,
Кеш, сәулем, аңқау болдым, аңдыспадым.
Кеш, сәулем, дей беремін, дей беремін...
Мінезім осындай ғой кейде менің.
 

 

1961