Бас қайда болса – онда аяқ бар,
Сүрінген жығылып тояттар.
Бұл жерден басталса тіршілік
Ол жерден сапарын аяқтар.
Күн қайда болса – онда көлеңке,
Сен сылбыр болсаң, ал мен ерке;
Ей, өмір, бұл-дағы өз заңың
Кейде Үкі қыранға теңелсе.
«Екі көз – соқырдың тілегі» –
Ол жылап, бұл оған күледі.
Күлкі ғой!.. күлкінің қадірін
Тек қана қайғылы біледі.
Жел қайда – сонда шөп ырғалар,
Көл қайда – құс айтар бір хабар –
Ей, өмір, бәрі де өз заңың,
Бәрі де сен өткен жылғалар.
Жол қайда болса – онда жүргеннің
Іздері қаларын білгенмін...
Өмір-ау, осынша көп заңға
Қай кезде қол қойып үлгердің?!
1961