...Мөлтілдеп төгілер терім кіл,
Шіркін-ай, мөлдірлікті ұқса жан!
Осынау сүйікті жерімнің
Шығына ұқсаған.
Желігі шықпаған, көңілге
Тер ғажап, тер ыстық.
Туысқан, тамшы тер қосайық өмірге –
Келістік?
Өмір бір – мұқиттар толғағы,
Ұлы ғой ұлы өмір қашаннан.
Тамшы тер қосайық, ол дағы
Тамшыдан жасалған.
Жеңіммен ғана оны сүртемін,
Көзімнен моншақтар секірді.
Маңдайда әжімдер, бір тердің
Арнасы секілді.
Тер – менің қуатым, бар тұлғам,
Тер – менің бақытым қолдағы.
Терім тек қысылу, қорқудан
Шықпаса болғаны!
1961