Ой салған із де не түрлі
өрістің шары секілді,
Сондай бір жолға түсіп ем –
жан-жаққа қашып құтылды.
 

Телміріп алыс қараймын,
шегіне көзім жетпеді –
алдымда жатыр ақ айдын,
қайда екен мұның өткелі?

Аз білем әсте мен жерді,
тапсыншы анам мықты ғып,
Әкетпе, теңіз, кеудемді
Салынды шөптей ықтырып.

Ал, жүздім, батсам суға мен
төңбекші, толқын, ылайлан.
Сұрауға көмек тумап ем,
Адамнан яки «құдайдан!»

1960, 1982