Қарайды қара көз ғана
айнасына да наздана.
Әлдене тұсқа, әлдене
жетпейтін сынды азғана.
Көлбетіп қоңыр бұрымды
Өреді қайта тарқатып,
Айнаға қайта бұрылды:
көкірек – биік,
арқа – тік.
Алдында жатыр шар-айна,
желкесінде тағы айна.
Үйіріліп шашы самайға
бұйра боп тұр қалай да.
«Не болды маған соншама»-
өз ойын өзі құптады...
Айна қанша болса да
Бір қыздың жанын ұқпады.
1960, 1982