Байып қалдым, қиялға да жарыдым,
бәрібір сол тарқамады бір құмар.
Біреу менің,
мен біреудің жарымын –
Не жөнім бар мұны сізге сыр қылар?
Қай жүйрікті жаяу қуып жетемін,
Маған өмір босағасы тиіпті.
Сүйем деймін, сүю менің не теңім,
Өзім бола алмаған соң сүйікті!
1960, 1982