Баяғы мүсін бір қалып,
тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
кім екен сені қор қылған.
Түнердің мұнша сен неге?
Аспан тұр ғой мөлдіреп.
Әлде өкіндің: «кеудеме
жапалақ кеп қонды» – деп.
...Ызғар кетпес жүзіңнен,
ізі қалмас жыл айдың.
Көлді көріп күліп ем,
сені көріп мұңайдым.
1960