Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.
Ғажайып қырлар гүлденген,
қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.
Болмайтын сын-ды тоқталсам,
жетпейді ақыл-қиялым:
күйдірем нені – от болсам,
су болсам – қайда құямын?
Уақыт қуып барады –
асығып келем, асығып.
Сырындай мына даланың
ашылып келем, ашылып.
1960, 1982