Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,
Сайран керек асауға байланбаған.
Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,
балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.
Өзіңнен өзге асылдар – маған тегін,
Өзіңмен келем толып – сәл орта едім.
Қиналсам көтере алмай ауырыңды,
Қойныңа тамар менің адал терім.
1960, 1982