Не сезінсең, сол жайлы
ашық айту – болмайды.
о, болмайды, болмайды.

Емен болып біт, мейлі,
қағаз етіп бүктейді.
ой, бүктейді-ау, бүктейді.

Аузын сүртіп күт, мейлі,
жұрт көңілі бітпейді.
о, бітпейді, бітпейді.

Ойы тозып, ниеті іріп,
төріңе озып отырып,
Ией, күледі-ау өтірік!

Өзі салып жараны
өзі айналып жалады.
әй, жалады-ау, жалады.

Достық кетті оңай боп,
дос деген – құр атағы.
Көңіл күйің қалай деп
жымиғаны – батады.

Әй, батады-ау, батады.

1978