Жырың қызыл ғой десе,
жауап әзір, таза арым:
қызыл тілім сөйлесе,
қызыл қанмен жазамын.
Қызыл тілім тіпті ұзын,
ұқсас қызыл тасқынға.
Ант еткемін қып-қызыл
қызыл жалау астында.
Күні қызыл аспаным,
туы қызыл Ұлы Отан,
қызыл сөзден басқаның
қызылдығын ұнатам.
Қызыл ақын не деп тұр?
Не десе де – медет қыл.
От секілді өрепкір
қызыл өлең керек бір.
Гүл – қызарса әдемі;
әділеттік жасайық:
қыз – қызарса әдемі,
жыр қызарса – несі айып?!
1978