Бір адамды тұтқын етсе – жарайды ал,
он адамды тұтқын етсе – жарайды ал.
Бола ма екен бүкіл елді тұтқындау,
кітапхана, ән-күйімен қарайған?!

Ал, ұмтылыс: анау – ақын, мынау – жау,
ал, тым-тырыс: тұман ба бұл, күмән ба-ау,
Сантьяго бықсып жатыр. Мүмкін бе
бір халықты түгелімен бұғаулау?!

Дала – дала,
орман – орман болғалы
қара орманға кіре алмаған жел-дағы,
қара халқын қыра алмаған хан-дағы...

О, сазаңды күндер бергір алдағы!

1978