Шықтым, шықтым өз сөзімнен – шеңберден,
Қайла, күрек, қайдасыңдар – кел бермен!
Қағаз, қалам, сия, сауыт – кет аулақ,
Шабыт тауып жарымадым сендерден.
Енді алдымда: қызыл ұшқын тұр борап,
Қара тасқа қадалады сұр болат.
Менің орным – жалын атқан лава іші,
Менің сөзім – темір шеге бір қорап.
Қағылады ол таба алса егер өз орнын,
Таба алмаса?– Қобдишада жатады.
Басып озса – қалай ғана төзермін,
Ақын даңқын бұрғышының атағы!
Жо, жоқ, достым, атақ емес мұрадым,
Жақындаған сайын оған бір адым,
адал аққан әр тамшы тер алдында
бөркімді алып тұрамын!..

1965