Кіммін осы? Не бердім мен? Не берем? –
Алушы еді пенде не.
Лақылдатып жалынды жыр төгер ем –
Тарлау екен кеуде де.
Қырсыз ойдан күйініш пен ыза алдым,
Жан екенмін тас маңдай...
Ақырында өз-өзімнен қызардым,
Таң алдындағы аспандай.
1965