Данышпандар сөйлейді:
«Бүкіл әлем – тозаңдардан тұрады».
Сонда осы адамдар да тозаң ба?
Көне алмаспыз о заңға!
Тозаң, тозаң... тірілерден шығады,
Ал, өлінің кетеді өзі тозаң боп.
Кім ойлаған: тұрғанда күн шуағы
тозаңдарды жазам деп.
Тозаңдар да үйір екен шуаққа,
шуақ әні – өз әнім.
Қағып-сілкіп жанымды
ұшырамын тозаңын.
Аяғыңа қуып жүріп жұғады,
Тозаңның да болады екен өз әлі...

1965