Жұмыр мойын, тар маңдай,
Шаш иықта бос қалар.
Қос алмасы – армандай,
Күдікшілдеу қос жанар.

Етегі тар, тізе аппақ,
Жүрмес белін буынбай,
Сөзі шығар сызаттап
Шыңыраудың суындай.

Байқамайды әр адам
Шүлжіңдігін тілдегі.
Сөйлегеннен гөрі оған
Жарасады күлгені.

«Күлкі қымбат» – түсінсең,
аз күледі ол – сөкпе көп.
Бір күлкісі үшін сол
көп керек-ау, көп керек.

Алыс қой деп той әлі,
бұрылып-ақ кетер ең, –
үмітті ғып қояды
Кеберсіген қос ерін...

1965