Момын дала! Әр көңілдің түбінен
Тебіреніп туатұғын ел әні;
Сол тереңге әлі де мен үңілем,
Сол көмейден ән күтемін мен әлі.

Құмы, суы, жыңғылдары... кешкі жел –
Бәрі, бәрі жаралды ма ән үшін.
Кездерімде қарға даусын естіген,
Келер менің бұлбұл күнгі намысым.
Бір кезде өсті әрі көңіл, әрі бой,
Сендегі бар – бар бола ма басқаға.
Тары деген – тауық үшін тары ғой,
Бұлбұл үшін – бір қиыршық тас қана...

1965