Ғұмыр бойы күндеу,
қорлау,
тепкіден
Геракл де құтылмапты;
тілі сонша өткір болса да от-күрең
шындықта да кейде шындық жоқ білем:
тағдыр жазған маңдайына бастапқы
он екі ерлік.

Прометейді азат етіп... көр, міне –
ешбір заңға сиғыза алмай бас қатты.
Алыптың сол он үшінші ерлігін
тарих деген төреші есептемей тастапты.

1983