Май айы.
Самайы
сыр жұққан жап-жасыл
Бұ да рас:
кір-лас
былғанған жамбасы.
Мас адам
тасадан
шыға кеп бұлғаңдап,
маңайға
абайлап,
көз тастап тұрды аңдап.
Бет емес – беті, әне,
батпақтай қопалы
күлтілдеп жатты ісіп.
Бір жібек үлбіреп
ауада жүрді әппақ мақта ұшып.
Ерліктен тұрады бұ тірлік:
сайланып бір түрлі
әлгі адам,
жалма-жан
қолына түкірді.
Не білді –
шегінді
екі адым, үш адым,
көтеріп топшысын
ұшатынға ұсады.
Қомданды,
зорланды,
барын сап ышқынды,
күш қылды –
бір жарым метрге түсті ырғып.
Мәз боп тұр ол, әне,
таңдансаң болады:
қараса шоқтығы шығып паң
көзі екен алдаған –
әлгі адам
жыра емес,
сай емес,
қарғыпты бір титтей шыбықтан!

Қайраты өзіне қалды ұнап –
сандырақ сандырақ!
Ол – ауру адам да,
саусың ғой сен бірақ?!

1983