– Арам шөпке келген кезде, – деді қарт, –
шуақ та мол,
жаңбыр қалың, жер жомарт.
Шөптігі үшін емес шөптің,
жұрт әлі
арамдығы үшін шөпті қырқады.
– Арам шөп те – шөп қой,
өссін ол-дағы,
өссе – оның да желде, жерде, шуақта
несібесі болғаны!
бусанғанда құнарлы алқап, шым шұбар.
қызғаныш қып су, шуақты
бидайда
арам шөпке зиян жасай-тын шығар?
– Табиғаттай білмейтұғын алалай,
сен де алалай алмайсың-ау, балам-ай,
өз басы үшін күреспейді
бидай сын-ды дән асыл,
содан да арам шөп басады даласын.
Бидайларда баяғы сол, сол бақыт:
Шөп-шөлкемен майдандасар жоқ уақыт.
Арам шөп ше?
Сен оларды деме есер –
дәні барлар есебінен теңесер.
Бірге өскен соң ақ бидаймен зиялы
топырақ сөлін,
Күн де нұрын құяды.
Тек қана арам шөптің аты – арам шөп,
өсе алмайды тигізбесе зиянын.
1983