(Әбікен Хасенов)

Тақты ол әсем өмілдірік
жыланбасын төгілдіріп.
Құйысқанын алтындатты –
көрмедіңдер өріп жүріп.

Үзеңгісін күмістетті,
күмісті ондай кім істепті?!
Онсыз-дағы шаруа мол-ды,
Онсыз-дағы жұмыс көп-ті.

Шылбырына шашақ тағып,
жүген, айшық жасап тағы.
Сән түзеген серімен біз
кездесуден қашақтадық.

Әр пернеге бұлбұл бұққан
ұстап еді ол домбыраны –
селт етпеді ел сылбырлықтан,
сылбырлықтан болды бәрі.

Уақыт – ақ боз аты болды,
дарытты ажал оқты өзекке –
күйші құлап...
ақыры өлді
надандықпен жекпе-жекте.

Сол жекпе-жек жұтты басын –
ақ боз аты шықты ойнақтап.
Жуады енді жұрт кінәсін
күйді ешқайсы ұқпай мақтап.

1983