Ұғыспайтын бар тұстар
ұрыспаймыз дегенмен.
Шықса кейде тартыстар
Шықты бәрі өнерден.
Адам – түрлі,
Көп адам
кіргізді өзін санатқа:
қолмен жұлып жағадан,
тіспен тартып балақтан.
Бітіре алмадық күліп түк,
бәрібір ақыл қонбайды.
Жағадан алу – жігіттік,
балақтан тістеу – болмайды.
Көрген кезде мен анау
тістеп тартар «еріңді»,
сүйіп алғым келеді-ау
Жағадан алған қолыңды.
1967