Сыңсиды орман сағада,
Сағада құстар мекені.
Шүйіліп көлге шағала
Көтеріліп кетеді –
Алғаны қайда, алғаны?

Қылтитып қайық тұмсығын
Қоғадан шығып асығыс;
Кезейді мерген мылтығын,
Жоламайды жақсы құс –
Қарғаны қайтсын, қарғаны!
 

 1961