Тербетіліп жатыр дала алдымда,
Толқын болып аунайды жел шалғынға.
Жасыл жалын ұйтқып жанып өрмелеп,
Бұтақтарын орап апты талдың да.

Жасыл майса – жасыл жалын алаулап,
Тұр тұтанып анау бұта, анау бақ.
Тас төбеде қызыл сары күн жатты
Өз отына өзі қызып манаурап.

Пай, пай, анау шыңдар қандай, жар қандай,
Бұл ілбиді бірін-бірі тарта алмай.
Ал, төменде шұбатылып жол жатты
Балаусаға батып қалған арқандай.

Алатаудан бұлақ болып сүт ақты,
Сүт аққанда «Боз інгенге» ұсапты.
Көк жалынмен жанып жатыр туған жер,
Көктем махаббатымен ол тұтапты...

1961