Табиғатқа – шеберлікке дау бар ма:
Сұстылық тек жарасады тауларға.
Тәкаппарлық таудан шықса бастапқы –
Жаса, жаса тәкаппарлық, асқақтық!
Мұз бен қардай ызғар төкті шаш мына
айналаға,
ақ аспанның астына.
Жерді ұмытты,
ісі – хаққа ауды шын...
Жарқыным-ау, осы сен де таумысың?!

1980