Қаншама ұзап алға түссең жұлынып,
мезгіл саған дәл сілтейді құрығын.
Жүрек жиі соққан сайын, жол ұзап,
одан сайын қысқарады ғұмырың.
Жолың ұзақ, жолаушы дос, айныма,
ұзақ жол мен қысқа ғұмыр – қайғы ма.
Ұзақ жүрсең: басың сенің
мықтаса,
ақылының қысқасынан айрылар.
1967, 1982