Мықты ақынды тас бекем,
мақтап айттым;
сұмдық-ай:
дұрыс екен, жақсы екен
деп бір досым күлді жәй.

Шығар мүмкін бұ да аяу,
күтпеп едім,
кенеттен
күлген несі, кұдай-ау,
таң қалдырам демеп пе ем?!

әй ақынды және бір
оқып бердім;
жұтынып,
күлкі қалып жаңағы
шыға келді түтігіп.

«Жана ма екен қызығып,
жазамын деп отты ғып,
көрсеткенде қызуын,
сөйлей ме екен соқтығып!»

Дұрыс дедім –
қайтейін:
баса алмады ентігін.
Дұрыс дедім, әйтеуір
кейіді ол – мен күліп.

Көріп тұрмын: құрбының
батты ойына тап басып.
Ақын-дағы жырды бұл
жазғаны ғой батқасын!

1967, 1982