Бұлттар қамап, шыңдар әрең шыдап тұр,
неменеге мәз боп күлді бірақ бұл?
Жапырақтар жұлынып тұр, құлап тұр,
неменеге мәз боп күлді бірақ бұл?
Күз аспаны сындырып тұр, сыбап тұр, -
Неменеге мәз боп күлді бірақ бұл?
Жас бұталар ебіл-себіл жылап тұр,
Онда-дағы күлді мәз боп бірақ бұл?!
Қарс айрылсын қара шыңдар қақырап бір,
жылағаны былай тұрсын жапырақтың –
мен түгілі,
табиғаттың өзі де
ойланта алмайды екен-ау, шын ақымақты.

1967