Дым өтпес ұлтанындай етікшінің,
қояр ек сені, мықтап кесіп, тігіп, –
күштінің шынтағындай көне киген
сыймадың әр жерден бір тесіп шығып.
Анда бардың – мінезің іш пысатын,
мында келдің – күн езіп, түсті шашың.
Қалтаға да сыймадың, қынсыз пышақ,
немесе, секілденіп, ішкіш ақын.
Сонда да саған түгел жаққымыз кеп,
көңілшектің көзі еріп – қатты мұз боп.
Ұнау үшін өзіңе жан ұшырдық,
атамызға жүргендей ақтық іздеп.
Есепке де,
өсекке ала қашпа от
сыймадың, дау мен жанжал аралас боп.
Иініңе түк ілмей осыншадан
әлі күнге келесің жалаңаш боп.
1967, 1982