Өсек десе – бәрі де беттемеді,
өсек десе – бәрі де жек көреді.
Түсіп қалса өсектен көреді әкім,
өсектен көрді есепші – жетпегенін.
Сыналса ақын – өсекті тергейді екен,
кір алса атын – өсек деп терлейді екен.
Сол өсекті айтпайтын кісі ғана
ештеңені өсектен көрмейді екен.
1967, 1982