Ақын деген көп бізде,
тіршілікте бірі ұтылса,
енді бірі ұтады:
өткіз мейлің, өткізбе
«темпланға» кітабын.

Көп ақынды шығарды
сыншылармен жекпе-жек:
біреу мықтап қуанды,
енді біреу өкпелеп.

Сенде қазір аз өкпе,
таниды жұрт біртіндеп,
тек жиі бар газетке,
бастыққа кір бүлкілдеп.

Солай, достым, барлығы,
тақырып тап, жаз, жүгір.
Жаман пейілтарлығы, –
жақсы жырдың аздығы.

Өстік содан жоғары,
«сәт сапар» бар батадай.
Бізді де енді соғады
атымызды атамай...

1967, 1982