Бұзылмасын ұя бір,
туған ауыл, от басы;
сол от басын қиял ғып
біттің әбден,
тоқташы.
Ұя жақсы, тек онда
балапан боп сыясың.
Шықпас еді қырандар
қия алмаса ұясын.

1967