Жігіт сөзі жылы тисе жанына
қыздың тыңдағысы келер тағы да,
ойламайды сол жігіттің бір кезде
жалтақтарын өзге қыздар жағына.
Сыпайы емес, рас, бәрі бір ыңғай,
қайсыбірі жүре алмайды «ұрынбай» –
қыз таң қалар
ыстық сөзін жақсының,
жаманның да айта аларын ұғынбай.
1967, 1982