Сүйіп қалса – аһ ұрып,
алданады гүл иіскеп;
билер сонсоң қатырып
«чарльстон» мен «твиске».
Жаңа жылап, енді, міне, күліп тұр –
о, түсінем, түсінем:
«Ұятсыз» деп тілдеп алып жігітті
аяйды ептеп ішінен.
Ұнатады қазіргі
қарындастар сезгенді,
өткірлеуін әзілдің,
астарлысын сөздердің.
Ұнатпаса – күліп құр,
қоштасумен шектелер.
Бәрінен де жігіттің,
жасықтарын жек көрер.
1967, 1982