Жазса – қалам әрең-әрең жүреді,
Жігіттердің біреуі – “ауру”,
бірі – “өлі”,
бірі күтсе мұғалімнің ауызын,
қоңырауды күтіп отыр біреуі.
Жо-жоқ, ұстаз, бұл зал – сенің үйіңдей,
айтарыңды әдемі айттық – күйінбе.
Айтушыға – бәрі ақиқат, бәрі анық,
Тыңдаушыға, түсінесің, қиын ғой.
Ал, соңғы жақ залдың бұрыш – тұйығы:
өлең жазып отыр біреу құйылып.
Айтыматов оқып бірі,
біреуі
түртіп ойнап көрші қыздың бүйірін.
Мың-сан арман – студенттер әлемі,
Сусағанға – бәрі ғылым, бәрі өмір.
Еңбекқорға – қазына ғой, қазына,
жалқауларға – құтылмайтын бәле бір.
1967, 1982