Біреуді ізгі дегеннің өзі де ізгі ой...
Ол жәй адам кәдімгі өзіміздей.
Жазғаны да сонша бір елеулі емес,
газеттерден қалсаңыз сөзін іздей.
Тұнса-дағы тың тіркес, ой салалы,
әр жазғаны жатпайды той саналып.
Оның үшін бар құрмет жетіп жатыр
летучкада арқаға қойса қағып.
Таңертеңгі жазғанын кеш күдікпен
оқиды өзі –
Не бопты, ескіріп пе?
«Есерден де жақсылық шығад – дейді ол,
бірақ оған қарау жөн естілікпен».
Сүрінгенді дем беріп, демей келіп,
бүлінгенді теңгеріп, теңейді өліп.
Жақсы сөзін себуге көмейдегі,
жақсы адамның қалайды көбейгенін.
Адал жандар, таныстар қимас қылық –
пішенші мен қойшының сыйластығы...
Әккі жемқор әкімін алдына ұстап,
сылт-есепші сылтауын жинастырып
қарбаласар;
тың тіркес, ой салалы,
туып қалар, ойлауды қойса-дағы.
Оның үшін бар құрмет бітіп жатыр
летучкада арқаға қойса қағып.
Жазып кетті...
Ілікті....
Шатады деп,
кейде арыз артында жатады үдеп.
О, бейнетқор, бақытты бауырым менің,
еңбегі бар – лаузым, атағы жоқ!
1967, 1982