Сөз іздесең мағыналы, бағалы,
босқа өзіңді қамшылама, сабама,
Ауылды ойла, тасып кеткен кезіңде –
түсесің өз сабаңа.
Ауыл бүгін оқымайды демеші,
оқиды – тек кітаптардың төресін.
Кездеріңде өзіңе-өзің сенбеген,
ауылды ойла – сенесің.
Ауылды, дос, артта қалды демеші,
сонда жатыр адамдардың төресі.
Ауылды ойла, кездеріңде тарылған –
кеңіп сала бересің.
1967