Атылды да жас бұлақ
бір дір етіп тоқтады.
Анау кәрі тас бірақ
күліп жатқан жоқ па әлі?..

Бәрі үнсіз, қатты айып
еткен жандай налып тұр.
Қап, қап, қап деп ақ қайың
санын соғып қалыпты.

Қалып едің жұқарып –
сырыңды, ақын, аңдап аш.
Селк етті де бұтағы
түйін салды алма ағаш.

Бұта саусағы ғұмыры
болмағанға ұсайды.
Әрнеге ой жүгіріп
алдағанға ұсайды.

«Құдай», «құдай», «құдай» деп
жалғыз тамшы ыршып жүр.
Қайран жастығым-ай деп,
Қарағаш бір күрсінді.

Жел де тынды, тоқтады ал, –
жел тынды деп кім айтқан? –
Жапырақтар тек қана...
О, кішкене суайттар.

Айыбымды, қайтейін,
ерлік санап мен тұрдым.
Күлгендердің, әйтеуір,
алдына бір келтірдім.

1970