Тезірек кел, күткен ой,
нүктемен бітті біткен ой.
Ғасыр – ұзақ сөйлем де,
мықты азамат – нүкте ғой,

Сөйлем көп қой,
не тірлік:
сөйлем талдап жетілдік.
Көп сөйлемде үтір бар,
нүктесі жоқ секілді.

Сөйле, Уақыт, күткен ер,
сөйле, саған бітті өнер.
жаңа, жаңа сөйлем бер,
жаңа, жаңа нүкте бер!

1970