...Құстар ұшты жылу іздеп,
жылы жаққа жетті кеп,
мен де кеттім ғылым іздеп,
тай-талапты тепкілеп.
Құс ізінен аспанымда ақ-аяң бір жол қалды, –
Өлең-жырдың бұтағына ұя салып мен қалдым.
Құстар ұшып кетіп жатыр,
келіп жатыр бұ жерге,
Мен отырмын шау-қыранша ұя бағып, тізерлеп.
Қарт Алатау сақалына қатқан қарды лақтырды, –
соған қарап мына менің самайыма ақ кірді.
Өмірбаян сұрар болсаң: жәйім осы,
тек, досым,
жұрт көңіліне салған ұям
салқын тартып кетпесін!
1970