Сені, өлең, өрмегелі түнделетіп
Кетіпті-ау айлар бітіп, күндер өтіп.
Қызық жыр, қыңыр ойлар, болды кезің
Менің де ыңғайыма бір көнетін.
Қақпаңды қақпағалы түнделетіп
кетіпті-ау айлар толып, күндер өтіп.
Салып ап шампанымды,
әдемі қыз,
саған да болды кезім бір келетін.
Қыңыр ой қызық сөзді кесіп асты,
теңеулер кетті мені есуас қып.
Қағып ем қыз қақпасын,
қарғып шығып
менен жастау бір жігіт есік ашты...
1970