Күн кешкіріп барады, күн кешкіріп,
Көкжиекті мүйіздеп тұрды ешкі-бұлт.
Қар мен мұзын қаһар ғып кетті мезгіл
Қиқы-жиқы шыңдарға мінгестіріп.

Күн кешкіріп кетіпті-ау,
                              күн кешкіріп,
көлеңке мен күн жақты күндестіріп.
Күн-лағынан айырылып қалған қалпы
көкжиекте маңырап жүрді ешкі-бұлт...

1970