Жарастық-ау анық біз
бір буылған гүлге ұсап.
Ұйқас бола қалыппыз
егіз ұйқас жырға ұсап.

Мен қараймын елжіреп,
сенің көзің керемет.
Екеумізде бір жүрек,
екі кеуде не керек!

Керегі не енді үркіп,
қоңыр бұлтпын, ақ айым:
Сен бір көзсің,
мен – кірпік,
Қалғи қойшы – жабайын.

1960, 1982