барады. Темірәлі екі жүз қадамдай жердегі құдыққа
қарай аяңдады. Үлкен қара шелек-қауға құдық жарына сабымен шаншылулы,
қауғаны қолына алып, құдыққа еңкейді. Құдық тайыз екен. Су лықып мол өніпті.
Бетінде түрлі түсті көбелектер қалқиды. Біреулері қимылсыз, өліп қалғанға ұсайды.
Біреулері титтей қанаттарымен суды жанұшыра сабалап, тызылдап кеп жүгіреді. Тем-
ақаң астауға бір қауға су құйып, атының ауыздығын алды. Торы айғыр астаудың
ернеуін иіскеп көріп, ерінін шүйірді. Ерінін шүйіріп, тағы иіскеді. Жеріп тұр. Иесі
«түйе құсқан астау болды-ау мынау шамасы» – деп ойлап, екінші қауға суды
қауғасымен айғырдың алдына қойды. Одан екі-үш рет сыздықтата жұтты да, шелекке
жағын үйкеймін деп, ішіндегі суын төгіп тастады. Темірәлі атты жетектеп, қияқ
шоқалға апарды, ерін сыпырып, сүт пісірімдей шалдырып алды. Сонсоң қайыра
мініп, жолға түсті, қақпанына асыққан көкжал арлан құсап, атын аршындата желдіріп,
аңқалаңдап ала жөнелді.

14
Бес күннен кейін почташы Оразғали қарт торы айғырды Қанішкеннен бос алып
қайтты. Екі үзеңгісін қайырып, қанжығасына байлап қойыпты. Сәске түсте Әжімгерей
үйіне кеп түсті.
– Ата, салаумағалайкүм, шеше, сәлем бердік!
Қарт қашанғы әдетінше аяқ киімін шешпестен, киіп-жарып төрге озды. Ірге-аяқ
түрулі-тін. Үйдегілер ат қазықты көріп отырған. Әжімгерей салған жерден:
– Мынау қайдағы ат? Кімнің аты? – деп шошына сұрады. Оразғали кемсеңдеп қоя
берді. Оңды-солды көзін, мұрнының астын сүрткілейді.
– Несін сұрайсыз, ата, Әжеке-ай, кешегі алшаңдаған азамат Темірәлі басқарманың
төл аты – торы айғыр ғой... Жетектеп келем...
– Өзі қайда?
Әжекең жантайып жатыр еді, түрегеп отырды:
– Не дейді, не болды? Өзі қайда? – Почташы көзін үсті-үстіне сүртеді:
– Әлі хабар жетпеді ме? Темірәлі солай болды. Қайтейін енді.
– Әй, тәйір алғыр, не болды оған? Суға кетті ме? Айтсайшы?
– Суыңыз не, ата-ау, Тем-ақаң суды қайтсын...
– Енді не бәлеге ұшырады? Қанішкенге кетті деп еді ғой?
– Иә, Қанішкенге аман-сау жетіпті...
– Ал? Сосын? Не болыпты?
– Ойпыр-ай, ата, түкке түсінбей жатып жанымды шығардыңыз-ау...
– Өй, жаның бар болсын сенің! Не болды енді? Біреу өлтіріп кетті ме?
Орекең одан сайын кемсеңдейді. Төменгі ерінін астындағы ата-сақалымен қоса
жымырып, сойдақ, екі ғана күрек тісімен тістеп-тістеп қояды.
– Жаным-ау, тірі ме өзі? Иә деші енді, айтшы, болшы...– Оразғали мырсылдап
жылап қоя берді. Әжекеңнің одан сайын дегбірі қашты Кемпір:
– Жасаған-ай, жаманаттан құтылмайтын болды-ау құлағымыз,– деп уһіледі.
Почташы аузы икемге келмей, сөзін бөліп-бөліп, езуі былығып отыр.
– Ті-тірі мен өлінің арасында...
– Қайда қалды? Қай жерде.
– Қанішкенде... Азаматқа қиын... қиын...
– Сен шыққанда тірі ме еді? Оразғали, өзің немене, балаша божырап? Түсіндірші,
не пәлеге ұшырады?
– Не пәлеге ұшырасын! Не пәлеге ұшырайды... Одан артық не пәле болушы еді...
басқарма кісіге... пәле, пәле-е!...
– Туһ, тәңір-ай,– деді Әжімгерей таусылып,– әбден қажыттың-ау. Жарайды, кейін
естірміз, ақ ішіп дем ала тұр ..
– Самаркінде бір үйге түскен екен, сонда... аралдың масасы мен сонасына
таланып... қор болып... үңірейіп өлуге қалыпты. Күндіз-түні үш аяғын буып ұстапты ..
қырға қашып тұрмайтын көрінеді. Жануар қырға қарай жетектеп шыққанымда кісінеп
қоя берді. Жылқы әулие ғой.
Әжімгерей жастық ағашына қайта қисайды. Сонсоң, іргеден сығалап, далаға, ат
қазыққа қарады.
– Оразғали-ау, атың нашар көрінеді, зілмәндей айғырды салақтатып, бос
жетектегенше мініп алмадың ба? – Анау, шоқ басып алғандай ыршып түсті.
– Қой, Алла сақтасын, не айтып отырсыз, атай көрмеңіз. Иесі қабақ астында екен
деп оның атына тақым артсам... Алла сақтасын. Құдай естімесін мұныңызды.–
Почташы ол үйден бір аяқ ақты салдыр-гүлдір төңкере тастап аттанып кетті. Зауал
ауа Тереңқұдықтың бергі алдында отырған Сейсімет қосына жетті. Қос жолдан бұру
болатын. Әдейі бұрылды. Өрекең келгенде Сисенбайдың кішкене қараша үйінде бір
топ адам қымыз ішіп жатқан. Жапырласа көңілді амандасты.
– Уа, Ореке, қош келдіңіз! Төрге шығыңыз!
– Ауыл-аймақ аман ба?
– Жыл құсындай қай жақтан келіп қалдыңыз?
– Жолыңыз нағып түсті бұ жерге?
– Не хабарыңыз бар? Тыныштық па?
– Иә, іштен келесіз бе, қырдан ба? – Сисенбай қымыз құйған шеті кетік ағаш
аяқты қонағының алдына ысырды.
– Ал, айта отырыңыз, не жаңалық, не хабар?
– Ат үстінде жүрген адамсыз ғой. Біз түсімізде де пішеннен өзге түк көрмейміз.
Жүрген жеріңіз аманшылық па?
– Онысы рас. Керең боп кеттік. Сандыбай да келмей жүр көптен.
Оразғали аяқты босатып, ұртын сорып жұтып біраз отырды. Сосын екі ұштылау
ғып:
– Не хабар болсын. Жақсы хабар болмай тұр ғой,– деп іркілді. Өз сөзінің құнын
біліп қалған кісінің өтірік самарқаулығы емес, шын күйзелу.
– Жаман да болса, қайтеміз, тыңдай береміз-дағы,– деп күлді Ибрай.
– Темірәлі басқарма анадай болды ғой, естіп пе едіңдер?..
– Жоқ, естімедік.
– Иә, оған не бопты?
Қарттың екі танауы пыс-пыс етіп, көзіне жас үйірілді.
– ... Бірдеңе сұрап барғанда басқаларындай көрерміз, ке