– Ақиқаттың өзі кейде қиялдай,
есек – есек,
тұлпар – тұлпар деп еді.
Бірақ қалай көк есегің ұялмай
тұлпарлармен тайталасып келеді?!
– Ақиқат па?

Ақиқатты жөн десек,
екіге екі қосқаныңмен болды есеп.
Есегіңде түк кінә жоқ,
тұлпарың
Көк есекпен тайталасса – ол да есек!

1980